8 (71532) 21265

Северо-Казахстанская Область,
Аккайынский район, c. Смирново, ул. 9 Мая, д.67

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

2021 жылғы 9 маусым

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша бас маман,Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейін.


Негізгі  функционалдық міндеттері:
Сәйкесті қаржы жылына атаулы әлеуметтік көмек, шартты ақшалай көмек бойынша жергілікті бюджет жобасын әзірлейді, кедейліктің шегінен төмен тұратын халыққа жәрдемақының мақсатты тағайындалуы мен төлемдеріне бақылауды қамтамасыз етеді, өтініш білдірушінің құжаттарды дұрыс тапсырғанын, кірістері туралы мәліметтерінің дұрыс болғанын тексеруді ұйымдастырады, аталған сала бойынша ақпарат пен есептерін құрастырады, жәрдемақыларды  алушылардың мәліметтер базасын қалыптастыру мен түзетуге бақылау жүргізеді, аудан халқының жәрдемақыларды алуға сәйкесті құжаттарды рәсімдеу бойынша ауылдық округтер мамандарына әдістемелік көмекті көрсетеді, мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес есептіліктің барлық түрлерін тапсырады. Жәрдемақыларды алушылар мәліметтерінің базасын қалыптастыру және түзетуді жүргізеді, ұсынылған кірістер туралы мәліметтерді тексереді, көмекті, бірыңғай өтемақыларды төлеудің тағайындалу мен бақылауын жүзеге асырады, әлеуметтік көмектің тағайындалып, төленген сомаларды есепке алуды жүргізеді, әлеуметтік көмекті алған азаматтардың дербес есепке алуын жүргізеді, шағын несие беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және шағын несиелерді аудандағы халықтың аз қамтылған жіктеріне беруге қолдау көрсетеді, өзінің мәселелері бойынша ауданның даму бағдарламасын жасауға қатысады..                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: немесе «Құқық» (құқықтану), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, әлеуметтану, жергілікті және өзін-өзі басқару), немесе «Қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) немесе «Білім» (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) бейіндері бойынша.
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Құқық» (құқықтану), «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалары бойынша), қаржы (салалары бойынша), есеп және  аудит (салалары бойынша), әлеуметтік жұмыс)), немесе «Білім» (негізгі орта білім беру (өзін-өзі тану мұғалімі), негізгі орта білім беру (өзін-өзі тану мұғалімі)) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.  
Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
          «Б» корпусы  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестер стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма)деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
 "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
 Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
   Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
    2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
      Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
  Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің интернет-ресурстарында  жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық почта мекен жайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.  Анықтамаларды  8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.
Конкурсқа  қатысушылар  мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
______________________________                                                                                                                          _________________________________ 
(мемлекеттік орган)

    
Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің   жеке  мәліметтерімді, оның  ішінде  психоневрологиялық  және
наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін
_________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар
      ________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы: _____________________
Байланыс телефоны: _________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_____ ___________________________
(қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
ррналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

                                               Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
 ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті)
цветное
3х4

___________                                                                           _______________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

Жеке мәліметтер

1

Тұған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6

Мемлекеттік наградалары, құметті атақтары (болған жағдайда)

 

7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әуәмшілік қызметшілер толтырады)
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/
Должность, место работы, местонахождение организации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________                                                           ___________________

Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
күні/дата

Новости