2022 жылы бөлімге 21 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 13 өтініш, заңды тұлғадан 8 өтініш. 2021 жылмен салыстырғанда 10 өтінішке көп. 21 өтініштің 8-і қағаз жеткізгіште, 10-ы автоматтандырылған тәсілмен, 3-і жеке қабылдауда келіп түсті. Өтініштердің сипаты бойынша: қорғаншылық бойынша 5 өтініш, БЖТ төлеу туралы – 1 өтініш, біліктілікті арттыру курстары туралы - 3 өтініш, қайта жолданды - 4 өтініш, қоныс аудару мәселесі бойынша-1 өтініш, 7-басқалар.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады, қарау сапасына тіркеу және жауап беру мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.