8 (71532) 21265

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы, Смирново c., 9 Мая к., 67 ү.

  • 1166509.jpg
  • 1248333.jpg
  • altai2012-1024x586.jpg
  • IMG_6146ggg_300913.jpg
  • na-piter-090213.jpg

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі, Солтүстіқ Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ комитетінің Аққайың аудандық филиалы арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған

КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты Жолдауын іске асыру шеңберінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Солтүстік Қазақстан облысыАққайың ауданыәкімдігі (бұдан әрі – әкімдік), Солтүстіқ Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – жұмыс берушілер өкілі) және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ комитетінің Аққайың аудандық филиалы (бұдан әрі – жұмыскерлер өкілдері) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша анағұрлым ауқымды және іргелі жұмыстарды бастау қажет деп есептейді.

Осыған байланысты Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып,

«Қазақстан-2050» стратегиясын, төртінші өнеркәсіптік революция және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып,

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы Келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.

 

Iбөлім

Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту

 

Тараптар:

 

1.1. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны құруға ықпал ету.

1.2. Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу есебінен отандық экономиканың дәстүрлі базалық салаларының бәсекелес басымдықтарын кеңейту.

1.3. Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеу.

1.4. Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру бағыттарында бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

1.5 Экономика салаларын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға.

1.6. Бизнесті және халықты экономиканы технологиялық жаңғыртуға жедел тарту үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға.

1.7. Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың кірісінің төмендеуіне жол бермеу үшін кәсіпорындардың және салалардың ішінде және олардың арасында кадрлардың еңбек ресурстарының икемді ауысуын қамтамасыз етуге.

1.8. Инвесторлардың мемлекетпен өзара іс-қимылын реттеуді жаңғырту есебінен инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға.

1.9. Тиімділігі жоғары жобаларды қолдау үшін инвестицияларды өндіріске бағыттауға уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

1.10. Инновация және инвестицияларды тарту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету.

1.11. Экономиканы жаңғырту шеңберінде ірі кәсіпорындармен Жол карталарын жасасу және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ұтқырлығы және еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшін жағдай жасау.

 

Жұмыс берушілердің өкілі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

1.12. Жаңа, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізу кезінде компаниялардың өз кадрларына білім беруді және оларды даярлауды өз бетінше инвестициялауы бойынша жұмысты үйлестіру.

1.13. Инновациялар және инвестиция тарту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу.

1.14. Озық технологияларды енгізуді ескере отырып, кәсіпорындарды негізгі құралдарды жедел жаңартуды жүргізуге тарту.

1.15. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға, оның ішінде жұмыс берушілерге әлеуетті босатылатын кадрлардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз ету бойынша көмек шараларын көрсету арқылы ықпал ету.

 

Жұмыскерлердің өкілі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

1.16. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін:

- еңбек ұжымдарының арасында экономиканың технологиялық жаңаруымен байланысты еңбек нарығындағы сын-тегеуріндеріндер туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

- өндірісті технологиялық жаңғырту (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру) шеңберінде еңбек нарығы шиеленісті бәсеңдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу жолымен еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға ықпал ету.

 

 

IIбөлім

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту

 

Тараптар:

 

2.1. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсететін қызметтердің өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға.

2.2. Бизнесті ашу және жүргізу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін төмендетуге.

2.3. Кәсіпкерлік бостандық және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік сөзбайласудың алдын алуға.

2.4. Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуге, экономиканың тиімді жеке секторын құруға және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

2.5. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, оның ішінде бизнес негіздеріне оқыту және халыққа микрокредиттер беру бөлігінде тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге.

2.6. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға.

2.7. Бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

2.8. Бизнесті реттеуді азайту бойынша бірлескен жүйелік шараларды қабылдау.

2.9. Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдау.

2.10. Бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау тұрғысынан облыстық деңгейде қабылданатын нормативтік құқықтық актілерге тұрақты ревизия жүргізу.

2.11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тарифтердің бағаларына мониторинг жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуі анықталған жағдайларында өңірлерде құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бірінші кезекте қажет тауарларды әртараптандыруды жүргізу.

 

Жұмыс берушілердің өкілі өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

2.12. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асыру операторы болу.

2.13. Кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастыру және оларға бизнесті ашу және жүргізу бойынша консалтингілік қызметтер көрсету.

 

Жұмыскерлердің өкілі өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

2.14. Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.

 

 

III бөлім

Халықты формальді және нәтижелі жұмыспен қамтуға

және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу

 

Тараптар:

 

3.1. Жоғары өнімділікпен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен, еңбекақы мөлшерін реттеумен сипатталатын жаңа жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға.

3.2. Формальді және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге.

3.3. Оқыту және біліктілік арттыру арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыруға.

3.4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғыртуға міндеттенді.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

3.5. Жұмыспен қамтуды реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде жұмыспен қамтуды ресмилендіруді ынталандыруға.

3.6. Білім беру жүйесінің мазмұнын кәсіптік стандарттардың негізінде экономиканың даму қажеттіліктеріне орай бейімдеуге және еңбек ресурстарының құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауға.

3.7. Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіптік дамуын, кәсіптік дайындығын және қадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

3.8. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді пайдалануға уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

3.9. Тараптардың пікірін ескере отырып, еңбек нарығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге Тараптарды тарту.

3.10. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға жалпы үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыру.

3.11. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ресмилендіру бойынша жол картасын қабылдау және еңбек қатынастарын заңдастыру және халықтың формальді емес түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуын қысқарту үшін жүйелі және тактикалық шаралар кешенін әзірлеу.

3.12. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг және талдау жүргізу, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа болжау жасау.

3.13. Еңбек нарығы бойынша жан-жақты толық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру.

3.14. Халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялауды жүргізу және жұмыс іздеп жүрген адамдардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін жақсарту.

3.15. Еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау.

 

Жұмыс берушілердің өкілі өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

3.16. Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға және кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бизнестің қатысуына ықпал ету.

3.17. Біліктілікті тәуелсіз сертификаттауды енгізуді қамтамасыз ету.

3.18. Кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесін енгізуге және тәлімгерлік институтын таратуға жәрдемдесу.

3.19. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.

3.20. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысу.

3.21. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жекеше жұмыспен қамту агенттіктерін тартуға жәрдемдесу.

3.22. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

3.23. Әкімдіктермен бірлесіп, ірі кәсіпорындарда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру бойынша жол карталарын әзірлеу.

 

Жұмыскеркерлердің өкілі өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

3.24. Салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу және «өмір бойы оқыту» қағидатын іске асыру үшін жұмыскерлерді өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

3.25. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

3.26. Лайықты өмір жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға барлық тараптардың қатысу.

 

 

IVбөлім

Адами капиталдың сапасын жақсарту

 

Тараптар:

 

4.1. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін:

- аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу;

- денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру;

- медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жаңғыртуға;

- денсаулық сақтау жүйесін қажетті цифрландырумен және ақпараттандырумен қамтамасыз ету арқылы жаңғыртуға қатысуға.

4.2. Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғыртуға қатысуға, оның ішінде:

- халыққа арналған ең төменгі әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған өмір сүру сапасын және толықтай әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын арттыруға;

- әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға;

- нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі дамытуға;

- халықтың күнкөрісі төмен топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылықты күшейтуге;

- арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігін және сапасын күшейтуге бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

4.3. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесуге.

4.4. «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету және қашықтағы, ауылдық өңірлердегі білім алушылар үшін оқу жағдайын теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасауға.

4.5. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартуға жәрдемдесуге.

4.6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтуге және білім беру саласына жеке инвестицияларды тартуға.

4.7. Ғылыми зерттеулер мен технологиялардың нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайдың жасалуына ықпал етуге.

4.8. Педагог кадрлардың беделін көтеруге және оларды ынталылығын арттыруға.

4.9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық және білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге.

4.10. Деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге.

4.11. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.

4.12. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын анықтау әдістемесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың мұқтаждығын бағалау үшін медиандық кірісті енгізуге ықпал етуге.

4.13. Қалыптасқан практиканы зерттеуге және әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға.

4.14. Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың сапасын жақсартуға. Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың сапасына және оларды халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне жүйелі түрде бағалауды (мониторинг) жүзеге асыруға.

4.15. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін қиыстыруға.

4.16. Мүмкіндіктерге қарай Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, баспананы жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тісті протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру).

4.17. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің басты қағидаттарына сәйкес Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның ережелерін орындау бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыруға.

4.18. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

- ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге;

- балаларды күтуді және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді теңдей құқықтарда қолдауға;

- шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:

 

4.19. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және ақпаратты дербес іздеу дағдыларын дамытуға оқу бағдарламаларының мақсатты бағытталуы бойынша шараларды іске асыру.

4.20. Қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту.

4.21. Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету.

4.22. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы кәсіптік білімі жоқ адамдарды тегін білім берумен қамтамасыз ету.

4.23. Белгіленген экономика шеңберінде жаңа өндіріс мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша шараларды іске асыру.

4.24. Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген нақты қажеттілікті ескере отырып, кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және білім беру бағдарламалары мазмұнының кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету.

4.25. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға бәсекелестікті дамыту үшін тең жағдай жасау.

4.26. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылу мерзіміне сәйкес 2020 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттің есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының қатысуын қамтамасыз ету.

4.27. Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

4.28. Әлеуметтік кепілдіктерге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету:

- атаулы әлеуметтік көмек көрсету және халықтың күнкөрісі төмен топтарын әлеуметтік қолдау арқылы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша.

4.29. Күнкөрісі төмен азаматтар мен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

4.30. Әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін халықты:

- әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтау үшін жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық төлеу);

- еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандырумен барынша қамтуды қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру.

 

Жұмыс берушілердің өкілі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

4.31. Арнайы салалық дағдылары және жоғары біліктілігі бар кадрларды даярлауға жәрдемдесу:

- жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру.

4.32. Ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішінде оқытуды дамытуға ықпал ету.

4.33. Білім беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға ықпал ету.

 

 

Жұмыскерлердің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

4.34. Өмір бойы үздіксіз білім алу бойынша білім беру жүйесінің беделін арттыру және білім беру мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша
іс-шараларды жүргізу.

4.35. Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру
іс-шараларын жүргізу.

4.36. Әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар өткізу.

 

V бөлім

Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау,

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

 

Тараптар:

 

5.1. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге.

5.2. Жұмыскердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде жағымды еңбек жағдайларын жасауға.

5.3. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

5.4. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің және еңбектің қорғалуын сақтауды ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға.

5.5. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге.

5.6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге бағытталған бірлескен күшін қосуға міндеттенеді.

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

5.7. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыруға.

5.8. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіптердің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кәсіптік қатерлерді басқару жүйесін жетілдіруге.

5.9. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға.

5.10. Кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізу шараларын қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға.

5.11. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлердің алдын алуға немесе оларды төмендетуге, кәсіпорындарда еңбектің қорғалуын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүргізуге ықпал етуге.

5.12. Республика кәсіпорындарында және ұйымдарында өндіріс жағдайларында ғылыми зерттеулердің апробациясын жүргізуге және нәтижелерін енгізуге жәрдемдесуге.

5.13. Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жасау үшін ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға ықпал етуге.

5.14. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді, мемлекеттік нормативтерді және стандарттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестерде, техникалық комитеттерде және жұмыс топтарында бірлескен жұмыс жүргізуге.

5.15. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы
(№ 200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға.

5.16. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясын іске асыру жұмысын жалғастыруға.

5.17. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізуге.

5.18. Халықтың барлық топтары арасында экологиялық білімді таратуға және экологиялық ынталандырылған мәдени дағдыларды қалыптастыруға.

5.19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамытуға.

5.20. Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиімді қатысуын қамтамасыз етуге уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

5.21. Еңбек жағдайларын бағалау және жұмыс істеушілердің денсаулығын жақсарту, кәсіптік қатерлерді анықтау мен бағалау және оларды басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге қатысу.

5.22. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерін келісілген түрде шешу.

5.23. Қауіпті өндірістік объектілерді қашықтықтан қадағалаудың қолданыстағы тетігін пайдалану.

5.24 Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерін аттестаттау және олардың білімін тексеру рәсімдерін жетілдіруге қатысу.

5.25. Өнеркәсіптік және экологиялық қадағалау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру.

5.26. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

Жұмыс берушілердің өкілі өзіне мынадайміндеттемелерді қабылдайды:

 

5.27. Өнімділігі жоғары, еңбек жағдайлары қауіпсіз жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау.

5.28. Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құруға және оның жұмысына қатысуға бастама жасау.

5.29. Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін енгізу.

5.30. Еңбек ұжымдарымен міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесулер ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

5.31. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясына сәйкес өз жұмыскерлеріне қолайлы еңбек және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету.

5.32. Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып оқытуға және кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу шараларын қабылдау.

5.33. Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексеріп қаралуын және жұмыскерлердің мерзімдік медициналық тексеріп қаралуының нәтижелері бойынша ұсынымдарды толықтай орындау.

5.34. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытында жүргізу және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге заңнамада көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

5.35. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін ерікті декларациялау бойынша жұмыс жүргізу.

5.36. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

5.37. Қоршаған ортаға техногендік сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерін төмендету.

5.38. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету.

 

Жұмыскерлердің өкілі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

5.39. Тиісті кәсіптік стандарттарды ескеріп заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

5.40. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға бастама жасау және олардың жұмысына қатысу.

5.41. Жұмыскерлердің еңбек және санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың адын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қатысу.

5.42 Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

5.43. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлерді, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сауықтыру, атап айтқанда санаторий-профилакторийлерде, санаторий-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.

5.44. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

5.45. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер туралы ұйым әкімшілігіне шұғыл түрде хабарлау.

5.46. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбиені дамыту.

 

VI бөлім

Әлеуметтік әріптестік

 

Тараптар:

 

6.1. Консультациялар өткізуге, салалық, өңірлік деңгейде келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Аққайың ауданың үшжақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарында талдау нәтижелерін қараумен әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс практикасына мониторинг пен талдау жүргізуге.

6.2. Әлеуметтік әріптестік тараптарының консультациялары мен келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялауға, өзіне алынған міндеттемелерді орындау жағдайы туралы ақпаратты жариялауға.

6.3. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша барлық байланысты шараларды жүргізуге.

6.4. Тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге.

6.5. Кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.

6.6. Халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарттарын іске асыруға жәрдемдесуге.

6.7. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыруға, кіріс саясатын жетілдіруге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен күш жұмсауға бағытталған бірлескен күшін қосуға міндеттенеді.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

6.8. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуға, Келісімде айқындалған міндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.

6.9. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жиһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) «Еңбек нарығының тиімділігі» факторының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруға.

6.10. Кәсіподақтардың, жұмыс берушілер ұйымдары және олардың бірлестіктерінің қызметіне кепілдік беру мен құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын, Қазақстан қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарды және ұлттық заңнаманы бұзудың анықталған фактілерін жою шараларын қабылдау мақсатында олар туралы ақпарат алмасуға.

6.11. Елдің кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеумен толық қамтуды кеңейтуге жәрдемдесуге.

6.12. Облыстық және республикалық деңгейлерде Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының ұйымдастырушылық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге, өтінімдерді қарауға және бағалауға, сондай-ақ облыстық деңгейде лауреаттарды белгілеуге және марапаттауға.

6.13. Салалық және өңірлік деңгейлердегі келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін тепе-теңдік негізде жұмыс берушілердің, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатарынан бақылаушылар тобын қалыптастыруға.

6.14. Келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу бойынша қалыптастырылған бақылаушылар тобы облыс, қала, аудан салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты жыл сайын жартыжылдық негізде Комиссияға қарауға ұсынады.

6.15. Әлеуметтік-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар кешенін қабылдауға. Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз ету.

6.16. Бас, салалық және өңірлік келісімдердің, ұжымдық шарттардың орындалуына жыл сайынғы негізде талдау жүргізуге.

6.17. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын, ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды дайындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға.

6.18. Өзіне алған міндеттемелерді орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшін, соынң ішінде кәсіподақ мүшелілігін ынталандыру және ұжымдық еңбек шарттарын жасасу үшін осы Келісімде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар және материалдар, статистикалық деректер алмасуға.

6.19. Тең және бірдей біліктілікке сәйкес келетін жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекке ақы төлеу саласындағы теңдік және мүмкіндік қағидаттарын сақтауға.

6.20. Экономика салаларындаеңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеу жөнінде консультациялар өткізуге.

6.21. Келісімдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиісті міндеттемелерді көздеуге, оның ішінде еңбек жағдайларын зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктейтін салалық коэффициенттерді қосуды қамтамасыз етуге.

6.22. Әрбір жұмыскердің ұйым қызметінің түпкі нәтижелеріне қосқан үлесін ескеретін және жоғары өнімді еңбекті ынталандыруға бағытталған еңбекке ақы төлеудің тиімді және икемді жүйелерін қолдануға. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ағымдағы жылғы 1 қаңтарға анықталған инфляция деңгейінен тыс, жасасқан келісімдер және ұжымдық келісім-шарт арқылы өндірістік салалар ұйымдары үшін жалақыны міндетті индекстеуді жүргізуге қол жеткізуге.

6.23. Уақтылы және толық еңбекке ақы төлеу құқығын іске асыру бойынша мәселелерді шешуде атқарушы билік органдарымен, мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға.

6.24. Еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша заңнаманы іске асыру жағдайына талдау және бағалау жүргізуге, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

6.25. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпаратпен алмасу, консультациялар, келіссөздер, кеңестер, жұмыс кездесулері нысанында қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.

6.26. Әлеуметтік әріптестікті үйлестіру және салалық және өңірлік деңгейлерде тиімді әлеуметтік диалогқа ықпал ету.

 

Жұмыс берушілердің өкілі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

6.27. Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ұйымдарда құқықтарды қорғау және ассоциациялардың еркіндігі туралы», № 135 «Кәсіпорында еңбек ететін өкілдердің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылған мүмкіндіктері туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.

6.28. Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен жылына кемінде бір рет кездесулерді өткізу бойынша шараларды қабылдау.

6.29. Жұмыс берушілердің арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

6.30. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсімдерін сақтау бойынша шаралар қолдану.

6.31. Келісім комиссияларының тиімді қызмет етуі үшін жағдайлар жасау.

 

 

 

 

 

Жұмыскерлердің өкілі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

6.32. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының негізіне оқытуды және түсіндіруді, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

6.33. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберінде шешу және заңсыз ереуілдерді, жиындарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеу бойынша шараларды қабылдау.

 

 

VII бөлім

Қорытынды ережелер

 

Аталған Келісім ережелерін Тараптармен орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:

 

7.1. Осы Келісім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.

7.2. Келісім мемлекеттік органдарға, жұмыскерлер мен олардың өкілдеріне, меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге, Аққайң ауданың аумағында тіркелген, шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдің қатысуы бар заңды тұлғалар мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.

7.3. Тараптар Келісімді 2018 – 2020 жылдарға арналған Аққайң ауданында келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу жөніндегі басым бағыттарды және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

7.4. Келісім ұйымдарда және кәсіпорындарда салалық (салааралық) және өңірлік

( аудандық) келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасау және келіссөздер үшін негіз болады.

7.5. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау кезінде ескерілуге тиіс.

7.6. Кейінгі жылдарға арналған өңірлік және салақы келісімдер 2020 жылғы
ақпаннан кешіктірілмей жасалады.

7.7. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

7.8. Бас келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Аққайың ауданың үшжақты комиссия туралы ережесінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

7.9. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

7.10. Тараптарға салалық және өңірлік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе осы Келісімге сәйкес жаңасын жасау қажет.

7.11. Тараптар Келісімде көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапты болады.

7.12. Тараптар нақты мерзімдерін және орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны Комиссия бекітеді.

7.13. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Бекітілген отырыстар жоспарына сәйкес Келісім ережелерінің орындалу барысын Комиссия жарты жылда бір рет қарайды, олар тараптардың төрағалығымен әлеуметтік әріптестердің ақпараттық алаңдарында өткізіледі.

7.14. Тараптар Аққайң ауданың үшжақты комиссияның қызметін және Келісімді іске асыру барысын жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдардың үнемі жарияланып тұруын қамтамасыз етеді.

7.15. 2018 жылғы «25» сәуір Смирнов аулда 3 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы болады.

 

 

Осы Келісімге қол қоюшылар:

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданың әкімдігінің атынан:

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы әкімінің орынбасары

Е.В.Гонтарь

 

 

 

 

__________________________

 

 

Жұмыс берушілердің атынан:

 

 

Солтүстіқ Қазақстан облысы

Кәсіпкерлер палатасының директоры

Д.Қ.Қалиев

 

 

 

 

__________________________

   
 

 

Жұмыскерлер өкілдерінің атынан:

 

 

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ комитетінің Аққайың аудандық филиалы төрағасы

Е.Қ. Ахметов

 

 

 

 

 

__________________________

   
   
 

 

 

 

Новости