8 (71532) 21265

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы, Смирново c., 9 Мая к., 67 ү.

  • 1166509.jpg
  • 1248333.jpg
  • altai2012-1024x586.jpg
  • IMG_6146ggg_300913.jpg
  • na-piter-090213.jpg

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

06 қарашада «БЖЗҚ» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Елена Гонтарьмен,сонымен қатар аудандық мәслихатының депутаттары, аудандық атқарушы органдар, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесі, сондай-ақ қаржылық ұйымдар, мектеп директорларымен, ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында халыққа қол қойылған ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы Меморандум туралы ақпарат жеткізіліп, қаржылық-құқықтық білімді арттыруға арналған презентация келесі тақырыптарға өткізілді:

1) Зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді;

2) Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ;

3) “БЖЗҚ” АҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі;

4) Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілі.

«Біз зейнетақы жүйесі кез-келген азаматқа түсінікті болу үшін тынбай еңбек етіп жатырмыз. Біз еліміздегі азаматтарымыздың мектеп қабырғасынан-ақ зейнетақының не екенін жақсы біліп, қартайған шағында қамсыз өмір сүру мәселесін де жетік меңгергенін қалаймыз. Ақпарат алудың заманауи тәсілдері отандық зейнетақы жүйесін әрбір азаматқа жан-жақты әрі оңай түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл жерде зейнетақы жүйесін түсіну кәдімгі жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртібінде ақпарат ала отырып, өздерінің жұмыс берушілерін және инвестициялық табыстардың есептелуін қадғалай алады әрі зейнетақының мөлшері бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемі де артатындығына көз жеткізеді. Бұл болашақ зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,» -деді өзінің алғы сөзінде«БЖЗҚ» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиал директорының орынбасары Казкенова Самал Сабитовна.  

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері тұрғындарға таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында да хабардар етті. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетін болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.  

«Бұл норма зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен төленетін жиынтық зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметті демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемдерді ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы біртіндеп азайып, кейін мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердің салымшы үшін ай сайынғы табыс көзіне айналатындығы сөзсіз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерінің қандай болатындығы салымшының өзіне байланысты. Осылайша, бүгінде еңбек етіп жүрген жандар үшін міндетті зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бір айта кететін жәйт, ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді»

2017 жылғы 1-ші қыркүйектен бастап 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. Солтүстік Қазақстан облысында 95 мыңнан астам салымшы онлайн тәртібінде ақпарат алу жолын таңдады. Өйткені бұл зейнетақы жинақтарын: жарналардың түсуі мен инвестициялық табыстың есептелуін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді. БЖЗҚ 2017 жылғы 30 маусымнан бастап www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинет арқылы мынадай сервистерді жүзеге асырды:

- міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;

- зейнеткерлік жасқа толуға немесе 1-ші немесе 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру. Алғашқы өтініштер жолданды, онлайн рәсімдеу бірнеше минутты ғана алады;

- төлемдерді тағайындау және (немесе) аудару жөніндегі өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданыстағы кілтін алу жеткілікті. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру үшін ЭЦҚ-дан басқа екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та (теңге) ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет.  

Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдерді тағайындау/аудару жөніндегі өтініштің орындалуы туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы құлағдар етеді.  

Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесі туралы мәліметтерді Жеке кабинеттен білуге болады. Ол үшін салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тіркеледі. Кейін ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен құпия сөздің (пароль) көмегімен Жеке кабинетке кіре алады.

Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольді тіркеуге болады. Бұл үшін жеке басты куәландыратын куәлікпен БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Ал бұған дейін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келісімді рәсімдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған адамдар үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ.

БЖЗҚ өз қызметтерін салымшылар үшін барынша ыңғайлы және қолжетімді ету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Мысалы, 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға барып қызмет көрсету бойынша арнайы жоба іске қосылған еді. Сол 2016 жылы Қор филиалдарының қызметкерлері зейнетақы төлемдерін алатын, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектігі бар 15 673 адаммен байланыс орнатты. Оларға қатысты 47 048 қызмет көрсету операциясы жасалды. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мүмкіндігі шектеулі 547 адам үшін 1410 қызмет көрсетілді.  

Шараға қатысушылардың барлығы белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін ала алатындығы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

Таныстырылымнан кейін барлық қатысушылар БЖЗҚ мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу және жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Новости