8 (71532) 21265

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы, Смирново c., 9 Мая к., 67 ү.

  • 1166509.jpg
  • 1248333.jpg
  • altai2012-1024x586.jpg
  • IMG_6146ggg_300913.jpg
  • na-piter-090213.jpg

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

«Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығына сәкес босатылғаннан кейін адамға қолдау көрсетудің, оны қоғамға толықтай қайтару тетігі тиімділігінің, алғашқы кезеңде туындаған әлеуметтік-құқықтық проблемаларды шешуге жәрдем көрсетудің ерекше мәні бар.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық адамдар әлеуметтік көмекке мұқтаж, оларға босатылғаннан кейін алғашқы уақытта бостандықтағы өмір жағдайларына бейімделу, тұрмыс-тіршілік үшін және жұмыс іздеу үшін қаражат қажет.Бұрынғы сотталғандарды бейімдеу қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ғана міндеті емес, жұмысқа орналастыружұмыспен қамту органдары мен ауылдық округ әкімінің міндеті ғана емес, ол бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанның тұрып жатқан қоғамдық ортанын да міндеті.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелетіні анық» деп айтылған. Өндіріс кәсіпорындарында жұмыс істеу үшін білікті мамандар қажет. Ал, олай болмаған жағдайда бостандыққа шыққан адамның бірден жұмысқа орналасуы қиынға соғады. Жұмыспен қамту орталығы бағдарламалармен сұранысқа сәйкес қысқа мерзімді оқуға жібереді, оқуды бітіріп келген соң жұмысқа орналастырады. Қазіргі таманда түрақты жұмысқа орналасуға, ортаға бейімделуге де бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған аса ынтасын бермейді. Осы жағынан қоғамның да, ауылдын үлкендерінен де сұрайтынымыз ақыл айтып,  жұмысқа орналастыру, күнделік табысын ұрлықпен табып оны ішімдікке жіберіп жатқандар көп. Еңбексіз және құзыретті органдар мен бірлесе қоғамның жасаған  тәрбиелік іс-шараларысыз бас бостандығынан айырылған мекемеден келген азамат түзелу жолына түсуін қамтамасыз ету мүмкін емес, онын санасына жеткізу біздің міндетіміз.

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңын қолдана отырып:

заңға мойынсынушылық мінез-құлық - адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін бұзбайтын саналы мінез-құлқы;

құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

құқықтық тәрбие - азаматтардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені – деген мағыналарды біле жүрейік.

 

Жұмыспен қамту

 және әлеуметтік бағдарламар                 К. Садыков

 бөлімінің бастығы

Новости