Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшiн өңiрлердi айқындау туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы қоныс аударушыларды орналастыру үшiн өңiр түрiнде белгiлендi.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 15 қаңтарда № 20 бұйрығымен бекiтiлген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңiрлiк квотасвна енгiзу Ережелерiне сай, қоныс аударушыларды орналастыру үшiн белгiленген өңiрлерге келуiн қалаған азаматтарға тұрғылықты жерi бойынша жұмыспен қамту уәкiлеттi органдарына өтiнiш беруi қажет. Өтiнiшке мына құжаттар қоса берiледi:
1) Қазақстан Республикасы азаматының және онымен бірге көшетін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
"Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнынан аталған жобаға қатысуын растайтын анықтама ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Аққайың ауданы
Солтүстiк Қазақстан облысының орталық бөлiгiнде орналасқан. Аудан облыстың Қызылжар, Есiл, Тайынша және М. Жұмабаев аудандарымен шекаралас. Аудан аумағының жалпы көлемi 470,0 мың га. Халық саны 20,2 мың адам, олардың iшiнде халықтың экономикалық белсендiлiгi 14,7 мың құрайды.
Әкiмшiлiк орталығы Смирнов селосы, облыс орталығы Петропавл қаласынан 60 км қашықтықта орналасқан.
Аудан аумағына 32 елдi мекен кiредi. Ауданда 302 ауыл шаруашылығымен айналысушылар, 1 жол шаруашылығы кәсiпорны, 1 автокөлiк кәсiпорны, 35 өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн кәсiпорын қызмет атқарады, сондай-ақ 30 мәдени демалыс орындары және басқа демалыс орындарын дамыту үшiн бiрқатар жағдайлар жасалған.
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды секторы болып табылады. Аудан аумағында 8 облыстық, 4 аудандық автобус бағыты және ауданның барлық 31 елдi мекендерiн қамтитын жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған. Ауданда 24 мектепке дейiнгi бiлiм мекемесi, 15 орта жалпы бiлiм беру мектебi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 6 мектеп-интернат (қазақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытумен) бар.
Тұрғындарға медициналық көмектi 27 медициналық мекеме қызмет көрсетедi, соның iшiнде аудандық орталық аурухана және емхана. Ауданда 1 қонақ үйi қызмет атқарады.
Аудан екi бағыттағы автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Аудан аумағы бойынша Астана-Петропавл, Челябинск- Новосибирск 2 тас жолы өтедi.
Бiздiң аудан қолайлы географиялық жерде орналасқан, дамыған транспорттық желiмен қамтылған және ауыл шаруашылығын дамыту үшiн, бiрiншi кезекте өсiмдiк шаруашылығына ыңғайлы болып табылады. Бұл саланы дамыту себебi: жоғары құнарлы жер қыртысының және агроклиматтық жағдайының тиiмдi болуы. Жалпы аудан орманды дала аумағында орналасқан. Орман жалпы аудан аумағының 10,4%-ын құрайды.
Ақпарат алу үшiн мына телефондарға жүгiнiңiз:
Аққайың ауданының әкiмі: 87153221277
Аққайың аудан әкімінің орынбасары: 87153221294
Халықты жұмыспен қамту орталығы: 87153222911
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 87153221265
Жер қатынастары бөлiмi: 87153221486
ТКШ, АЖ және ЖТ бөлiмi: 87153222035