8 (71532) 21265

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы, Смирново c., 9 Мая к., 67 ү.

  • 1166509.jpg
  • 1248333.jpg
  • altai2012-1024x586.jpg
  • IMG_6146ggg_300913.jpg
  • na-piter-090213.jpg

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Заңына және бектілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне сәйкес 20 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынады.

Қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 181 қаулысымен бекітілген регламенттерге сәйкес ұсынылады.

Халықтың әлсіз топтарын тиімді әлеуметтік қорғау жүйесімен және атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету үшін аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ұсыну бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Нақты айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну:он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекалушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру, қызметтер ХҚКО арқылы ұсынылады.

«Ұлт жоспары –100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы Бағдарламасының 84 қадамына келісті 2018 жылдан бастап әлеуметтік көмек шынымен көмекке мұқтаж жандарға ғана ұсынылады. Табысы төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқан жағдайда ұсынылатын болады.

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2018 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» жаңа форматында ұсынылады.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім жанынан жұмыспен қамту орталығы қызмет етеді, ол келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынады: жұмыс іздеген тұлғаны тіркеу, жұмыс іздеген тұлғаны жұмыссыз ретінде  тіркеу, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендінысандарына қатысуға жолдамалар беру, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру,аталған қызметтер тікелей жұмыспен қамту орталығында ұсынылады.

Оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық мекеменің қосымша күтім және әлеуметтік қызмет көрсету туралы қорытындысына сәйкес: жалғыз және жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және қарттарға, отбасында тұратын тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек-балаларға, отбасында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедек-балаларға, отбасында тұратын 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынылады:үйде күтім көрсету жағдайында арнаулыәлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеужәне медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулыәлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу, аталған қызметтер бөлімде ұсынылады.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынылады:мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларғақұжаттарды ресімдеу, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналыққұралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің
және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманыныңқызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу, мүгедектерге кресло-арбалар беру, мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасызету, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен тұлғаларға Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынанзардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалайөтемақы төлеу, куәлік берумемлекеттік көрсетілетін қызметі ұсынылады.

Ақталған, сотпен немесе заңмен белгіленген басқа тәртіппен саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған немесе саяси қуғын-сүргін салдарынан зардап шеккен тұлғаларға ақталған адамға куәлік берукөрсетілетін мемлекеттік қызметі ұсынылады.

2016 жыл үшін бөліммен 1579 көрсетілетін мемлекеттік қызмет ұсынылды, соның ішінде 409 қызмет ХҚКО арқылы ұсынылды, 1170 қызмет мемлекеттік органда ұсынылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну барысында белгіленген мерзімдерді бұзу және негізсіз бас тарту фактілері болған жоқ.

Қызмет тұтынушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

 

Жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                          Қ.Садықов.

Новости