8 (71532) 21265

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы, Смирново c., 9 Мая к., 67 ү.

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Мекеменiң мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, 9 май көшесі, 67 үй

Мекеменің директоры: Ержігіт Хожабекұлы Дәнебаев

Байланыс телефондар:

8(71532) 2-29-11 — директоры
8(71536) 2-29-11 — мамандар
8(71536) 2-29-96 — мамандар

Ресми сайты: osz.skom.kz

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ.

Орталықтың негізгі мақсаты болып табылады:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

2) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Орталық қызметінің мәні:

1) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың ( бұдан әрі - кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;

2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;

4) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу;

5) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Орталықты жалпы басқаруды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады, ол келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) орталық қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;

2) орталыққа тиесілі мүліктің мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босату негіздерін айқындайды;

4) орталықтың Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды;

5) орталыққа әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Новости