8 (71532) 21265

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы, Смирново c., 9 Мая к., 67 ү.

 

Бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и приём телефонных сообщений о коррупционных правонанарушениях

Аққайың ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 08 қыркүйектегі

№ 314 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

2016 ж.

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім), Аққайың ауданының аумағындағы халықты әлеуметтік қорғау жөнінде басқару функцияларын жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Бөлімнің құрылтайшысы және өкілетті органы, сондай – ақ мүлкінің меншік иесі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданнының әкімдігі болып табылады.

3. Бөлімде ведомства бар:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

4. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

5. Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы бар мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, қазыналық органдарында есеп шоттары бар.

6. Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынасқа түседі.

7. Қазақстан Республикасының заң намасына сәйкес өкілеттігі болса, бөлімнің мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түсу құқығы бар.

8. Бөлім заңнамамен, бөлім басшысының бұйрықтарымен және басқа актілерімен рәсімделген Қазақстан Республикасы Заңнамасында көрсетілген өз құзіреті бойынша шешім қабылдайды.

9. Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

10. Бөлімнің орналасқан орны: индекс 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново аулы, 9 май көшесі, 67.

11. Бөлімнің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата Аққайынского района Северо-Казахстанской области».

12. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

13. Бөлімнің қызметінің қаражаты аудандық бюджет қаражатынан іске асырылады.

14. Бөлімге міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қарым – қатынасқа түсуге рұқсат етілмейді.

Егер де бөлімде заңдылық актілерімен қызметіне табыстар әкелетін құқығы болса, онда осындай қызметтерден алынған табыстар мемлекет бюджетіне қайтарылатын болады.

2. Қызметтің мәні мен мақсаты, негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен Бөлімнің міндеттері

15. Қызметтің мәні мен мақсаты: халықтың өмірінің сапасын және деңгейін көтеруге көмектесу. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар өткізу. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек ұсыну. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік Бағдарламаны орындау.

16. Тапсырмалар:

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

халықтын аз қамтылған топтарына атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік белсенді қорғау жүйесін қамтамасыз ету.

арнайы әлеуметтік көмек көрсету;

мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.

17. Бөлім функциялары:

халықты әлеуметтік қорғау төңірегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын жасауға қатысу;

еңбек нарығындағы жағдайды жоспарлау және талдау;

кадрлардың қозғалысы туралы жұмыс берушілер ұсынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамтудың келешектегі және ағымдағы бағдарламасын құру және жүзеге асыру (жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, бос жұмыс орындарының саны және т.б);

аумақтық және республикалық жұмыспен қамту бағдарламасын және жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс берушілермен қарым – қатынаста болу;

өңірдегі әлеуметтік-экономиқалық өзгерістерге талдау, жұмыспен қамту қызметіне арыз бергендердің жұмыссыздардың кәсіби құрамының бос жұмыс орнына сәйкестігін жүргізу және еңбек нарығын реттеу жөнінде шұғыл шаралар қолдану;

мақсатты топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін халықты жұмыспен қамту аумақтық бағдарламаны және арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру;

халық пен заңды тұлғалар арасында ақпаратты-түсініктемелік жұмыстар жүргізу, белгіленген тәртіпте халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі хаттар, шағымдар мен азаматтардың жеке арыздарын қарау;

халықты жұмыспен қамту туралы мемлекеттік статистикалық есептікті ұсыну;

еңбек нарығында болжамды-аналитикалық кадрлық жағдайын бағалау (еңбек нарығында жұмыспен қамту сұранысының қызметіне өтініш білдірген оқу орындарын аяқтаған түлектердің кәсіптік құрамына сәйкес;

еңбек рыногы бойынша деректер базасын құру, азаматтарды жұмысқа орналастыру мерзімін қысқартуға бағытталған жұмыстың жаңа прогрессивті амалдары мен әдістерін енгізу, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін қызмет көрсетуге арналған іс-шаралардың сапасын арттыру және тізбесін кеңейту;

жұмыссыздар және жұмыс іздеушілер, азаматтармен қарым-қатынасты жақсарту жөнінде автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу, бағдарлама мен қызмет көрсетуге ұсыныстар құру;

аудан аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарын белгілеу және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шара туралы ұсыныстарды аудан әкіміне қарастыруға құру және енгізу;

халықты жұмыспен қамту мәселерін қарастыратын атқарушы билік органдардың, жұмыс берушілер және кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдерінен құрылатын консультативтік комиссиялар және жұмысшы топтардың жұмысына қатысу;

Аудан халқын әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жергілікті бюджеттің сәйкес жылға жобасын жасау;

Қазақстан Республикасында қолданып жүрген заңнамаға сәйкес, аз қамтамасыз етілген халық жіктеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасында қолданып жүрген заңнамаға сәйкес, аз қамтамасыз етілген халық жіктеріне ақшалай көмек беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында аудан әкімдігі және аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін мониторингтеу және құру;

аудандағы аз қамтамасыз етілген халық жіктеріне шағын кредит беруге жәрдемдесуге қолдау көрсету;

көп балалы отбасыларды, аналар мен балаларды қорғауды, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектері және олардың отбасы мүшелерін, әлеуеметтік қорғауда мұқтаж халықтың басқа жіктерін қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

халық арасында түсініктеме жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік көмекті қажет ететіндерді анықтау, Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге, сауықтырылған азаматтарға, әскери қызметте қайтыс болғандардың отбасыларына, сондай-ақ жеңілдікке үміткер халықтың басқада жіктеріне мемлекеттік нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес бірмезгілдік өтемақы мәселелері жөнінде селолық округ әкім аппараттарына практиқалық және әдістемелік көмектер көрсету;

психоневралогиялық және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат – үйлеріне орналасуға мұқтаж азаматтарды, соның ішінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі арқылы анықтау және оларды сол мекемелерге жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

кемтар балаларды әлеуметтік қолдау, соның ішінде үйде әлеуметтік көрсету бөлімшелері арқылы әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

жергілікті атқарушы үкімет органдармен бірлесіп қартаң азаматтарды, мүгедектерді сауықтыру және әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі арнаулы қызметтер жүйесін ұйымдастыру;

Ұлы Отан соғысына қатысқандар, Ұлы Отан соғысы мүгедектері және соған теңестірілген тұлғаларға жеңілдік беру және оларды әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама актілерін іске асыру

Қоғамдық бірлестіктермен (мүгедектер қоғамы, қайырымдылық қорлармен, ардагерлер ұйымдары және басқа коммерциялық емес мекемелермен) бірлесіп аудан азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселері жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

Халықтың әлжуаз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету саласында үйлестіру қызметін жүзеге асыру;

2) ведомство функциялары:

Бағдарламаға қатысу жөнінде аз қамтылған азаматтарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі қамтығандарға кеңес беру қызметін ұсынады және ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу жағдайын бағалауды жүзеге асырады;
халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;
жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді; әлеуметтік келісімшарттар жасасады;

еңбек делдалдығын көрсетеді;

18. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.

19. Құқықтар мен міндеттер:

қажет ақпараттарды, ауданның мемлекеттік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құзыреттілікті жүзеге асырады.

 

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

20. Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапты және өз функцияларын жүзеге асырып, Бөлімді басқару басшымен жүзеге асырылады.

21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген ретте Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және босатады.

22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім басшысының қызметке тағайындайтын және босатылатын орынбасары бар.

23. Бөлім басшысының құзыреті:

бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орыдалуына жеке жауапкершілік артады;

өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылайды;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдайды және босатады, оларға заңмен белгіленген ретте көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

Бөлім мүддесінде белгіленген іс-қимылдарды жасауға Бөлім жұмыскерлеріне өкілеттік беріп, Бөлім атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;

Бағыныстылар арасында жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады, орындалуына жеке жауапкершілік артады;

Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;

Ерлер мен әйелдердің тең мүмкіншіліктерін және құқықтарының мемлекеттік кепілі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

Қаржыландыру жоспарының үнемделуі шегінде мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру, қосымша ақы белгілеу, құрылымды, Бөлім туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

Бөлім құзыретінің шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

Бюджетте көрсетілген қаржы құралдарына өкімдік жүргізеді, Бөлімнің шығыс сметасын бекітеді;

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге біліктілік талаптарының Жиынтығын бекітеді;

Жеке құрам бойынша бұйрық шығарады, бөлім қызметшілерін іссапарларға жолдайды;

Мемлекеттік қызметшілердің кадрлар біліктілігін жоғарылатуын және қайта даярлығын, даярлығын, оқуын қамтамасыз етеді;

Бөлім басшысының болмаған кезінде құзыретін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, міндетін атқарушы тұлғамен жүзеге асады;

24. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының және бағыныстылардың құзыретін анықтайды.

 

4. Бөлімнің мүлкі

 

25. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда, Бөлімнің жедел басқару құқында оқшауланған мүлкі бар.

Бөлім мүлкі меншік иесі тапсырған мүлік есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, өз қызметі нәтижесінде сатып алған және басқа да көздерден (ақшалай табыстарды қоса), мүліктерден қалыптасады.

26. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Мекеме мүлкі аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті сатуға не басқа тәсілмен басыбайлы етуге құқығы жоқ.

Мүлік бөлімнің жойылуы жағдайында мүлік, меншік иесіне беріледі және меншік иесімен бөлінеді.

 

5. Бөлімді қайта құру және жою

 

28. Бөлім қызметін тоқтату, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

29. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің мүлкін бөлу қайта құрылғаннан кейін және таратылғасын жүзеге асырылады.

30. Ережеге өзгертулер және толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің жұмыс тәртібі және қарым-қатынастар

 

31. Бөлім мен құрылтайшы, мемлекеттік орган мен өкілетті орган арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес анықталады және реттеледі..

32. Бөлім әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес анықталады және реттеледі.

33. Бөлімнің жұмыс уақыты 9:00 ден 18:30 дейін, аптасына бес күн; демалыс күндері сенбі, жексенбі, түскі үзіліс -13:00 ден 14:30 сағатқа дейін.

Новости